Бүгін «Күншуақ» жазғы ойын алаңында балалар үшін көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған «Пикник күні» ұйымдастырылды. Шара барысында балалар түрлі ойындар ойнап, қызықты сайыстарға қатысып, достарымен бірге көңілді уақыт өткізді.
Пикник балаларға бір-бірімен жақынырақ араласуға мүмкіндік берді. Көңілді сәттер мен жарқын әсерлерге толы күн барлық қатысушылардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
«Күншуақ» жазғы ойын алаңындағы әр күн – жаңа әсер мен көтеріңкі көңіл-күй!


















