"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Күншуақ» жазғы ойын алаңы – 9-күн: Музыка және тренинг күні

Бүгін «Күншуақ» жазғы ойын алаңында балалар үшін ерекше көңілді әрі пайдалы күн өтті. Музыка әуенімен сергіту жаттығулары жасалып, қызықты тренингтер ұйымдастырылды. Балалар ән айтып, би билеп, түрлі ойындарға қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Көтеріңкі көңіл-күй, жарқын эмоциялар мен достық атмосфера бұл күнді есте қаларлықтай етті. Музыка мен қозғалыс арқылы балалар жақсы көңіл-күй мен жаңа әсерлерге бөленді!