Бүгін «Күншуақ» жазғы ойын алаңындағы қызықты да әсерлі күндер өз мәресіне жетті. Осы уақыт аралығында балалар көңілді ойындарға қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа достар тауып, көптеген жарқын естеліктер жинады.
Әр күн ерекше тақырыппен өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Біз бірге ойнадық, ән айттық, биледік, жарыстық және көптеген қызықты сәттерді бастан өткердік.
Барлық балаларға белсенділіктері үшін, ата-аналарға қолдаулары үшін және тәрбиешілерге еңбектері мен қамқорлықтары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
«Күншуақ» – тек ойын алаңы емес, достықтың, қуаныштың және бақытты балалық шақтың мекені болды.
Келесі жазда қайта қауышқанша!


















